«Бағдарламалау негіздері»

Заманауи бағдарламалау тілдерін сәтті игеру үшін негізгі ұғымдарды, құрылымдарды, мәліметтер құрылымын және алгоритмдерді зерттеу қажет. Негізгі ұғымдарды түсіне бастау үшін «құмсалғышта ойнағандай» белгілі бір тәжірибе жинау қажет. «Бағдарламалау негіздері» курсы сол «құмсалғыштың» рөлін орындауы керек. Курсты өту барысында тыңдаушылар жол бойы С және С++ тілдерін үйрене отырып, бағдарламалаудың негізгі ұғымдарымен және тұжырымдамаларымен танысады.

C және C++ тілдері өздерінің «қадірлі жасына» қарамастан, көптеген жылдар бойы ең көп сұранысқа ие бағдарламалау тілдерінің ондығына кіреді. C++ әмбебап, мультипарадигмалық бағдарламалау тілі.  Java, JavaScript, C#, PHP сияқты көптеген заманауи бағдарламалау тілдері C тілінің синтаксисіне негізделген синтаксиске ие, олар көбінесе «С-тәрізді» тілдер деп аталады. Осы себепті C және C++тілдерін үйрену көптеген басқа бағдарламалау тілдерін түсінуге жол ашады.

Біздің бағдарлама цифрлық техниканың жұмыс істеуінің негізгі принциптерімен таныс тыңдаушыларға арналған, сондықтан «Бағдарламалау негіздері» курсын сәтті игеру үшін, осы курсты оқымас бұрын «цифрлық техника негіздері» курсын оқуды ұсынамыз.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. С++ тілінің синтаксисінің ерекшеліктерімен таныстыру;
  2. Деректердің негізгі құрылымдарымен таныстыру;
  3. Негізгі алгоритмдерді қолдануға үйрету;
  4. Бағдарламалау процесі туралы жалпы түсінік беру;

 

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

 

КУРС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ТЫҢДАУШЫЛАР БІЛУІ ЖӘНЕ ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС:

  1. Бағдарламалауда қолданылатын негізгі принциптер мен ұғымдарды білу;
  2. С++ тілінде қарапайым консольдік бағдарламаларды құра білу;
  3. Деректердің негізгі алгоритмдер мен құрылымын білу;
  4. Microsoft Visual Studio әзірлеу ортасын пайдалана білу;
  5. Өз кодын түзете білу.

КУРСТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ:

Кіріспе. Visual Studio әзірлеу ортасы. Экранға шығару.
Float және Int деректер түрлері және айнымалылар. Қарапайым арифметикалық амалдар.
Char деректер түрі. Түрлерді келтіру.
Тұрақтылар. Алгоритм. Алгоритмдердің блок-схемалары.
Бағдарламаға деректерді енгізу.
Қосымша арифметикалық амалдар //  және %.
Кездейсоқ сандар генераторы.
Оңдауышпен жұмыс.
Функция түсінігі, нәтижені қайтару, void түрі.
Жаһандық және жергілікті айнымалылар мен тұрақтылар.
Функция параметрлері. Параметрлерді мән бойынша беру.
Функция параметрлерін көрсеткіш арқылы беру.
Функция параметрлерін сілтеме арқылы беру.
Логикалық салыстыру операциялары, boolean түрі
Шарттар.
Массивтер.
Функция параметрі ретінде массивті беру ерекшеліктері.
While циклы.
Массивпен жұмыс істеу үшін циклды пайдалану.
For циклы.
Do циклы.
Таңдау арқылы сұрыптау.
Көпіршік арқылы сұрыптау.
Оңдауышпен жұмыс.
Жылдам сұрыптау.
Бинарлық іздеу
Көрсеткіштер және массивпен жұмыс
Жолдар.
Көпөлшемді массивтер.
Құрылымдар.
Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе.
Инкапсуляция. Privat және public қолжетімділік модификаторлары.
Акцессорлар.
Мұрагерлік.
Емтихан

 

КУРСТЫҢ БАҒДАРЛЫ ҰЗАҚТЫҒЫ: 3,5 АЙ

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8