HTML парақшаларын беттеу

Беттеу -  бұл визуалды элементтерді (мәтін, кестелер, суреттер, бейнелер, сілтемелер, батырмалар, ашылмалы тізімдер және т.б.) дизайнер жасаған макетке сәйкес  web-сайтта орналастыру процесі. Қазіргі уақытта, беттеу HTML-құжаттарын және CSS - стильдерінің кестелерін гипермәтіндік белгілеу тілі көмегімен жүзеге асырылады.


HTML-парақшаларын беттеу Frontend әзірлеуге қатысты болса да, беттеудің негізгі принциптерін білу Backend әзірлеушілері үшін де қажет, сондықтан курс барлық бағдарламалауды үйренушілерге тыңдауға ұсынылады.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. HTML және CSS көмегімен Web-беттерді статикалық беттеуге үйрету;

  2. Web-әзірлеуші құралдарымен таныстыру;

  3. Web-сайтты құру процесі туралы тұтас түсінік беру;

  4. Web-беттер кодын тестілеуді үйрету.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

КУРС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ТЫҢДАУШЫЛАР БІЛУІ ЖӘНЕ ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС:

  1. Html-беттерінің статикалық беттеуінің негіздері және оларды беттей білу;

  2. Әр түрлі экрандар, браузерлер мен құрылғылар үшін адаптивті беттеуді орындай білу;

  3. Web-әзірлеуші құралдарын пайдалана білу;

  4. Web-беттердің кодын тестілей және түзете білу.

 

КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

HTML белгілеу тілінің негіздері.
Элементтер мен нысандар
Беттер құрылымы
CSS стильдері кестелері
Селекторлар және псевдокластар
Қасиеттері
Блоктық беттеу
Flexbox
Кесте
Трансформация және анимация
Мультимедиялық контентті кірістіру
Суреттермен жұмыс
Макеттермен жұмыс
Адаптивті беттеу
Айнымалылар
Емтихан

 

КУРСТЫҢ БАҒДАРЛЫ ҰЗАҚТЫҒЫ: 2,5 АЙ

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8