Реляциялық Деректер Базаларының Негіздері

Кез-келген,  аз да болса маңызды бағдарлама, деректерді сақтауды және өңдеуді қажет етеді. Егер деректердің шағын массивтерін өңдеу қиындық тудырмаса, онда деректердің үлкен көлемін өңдеу деректерді сақтаудың, іздеудің, алудың және өзгертудің арнайы әдістерін қолдануды талап етеді. Үлкен деректер жиынтығымен операцияларды орындау үшін әртүрлі ДББЖ (деректер базаларын басқару жүйелері) бар.


Деректерді сақтаудың әртүрлі модельдері бар: желілік, иерархиялық, реляциялық, объекті-бағытталған, объекті-реляциялық, NoSQL. Бұл ретте, бүгінгі таңда ең танымал болып реляциялық ДББЖ табылады, сондықтан әр бағдарламашы реляциялық ДББЖ-мен жұмыс істеу негіздерін білуі керек..

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. Реляциялық ДББЖ туралы түсінік беру.

  2. SQL құрылымдалған сұрау тілін қолдана отырып, ДБ деректерін басқаруға үйрету (қосу, алу, өзгерту, жою);

  3. Күрделі SQL сұрауларын жасауға үйрету;

  4. Индекстер мен транзакциялар туралы түсінік беру;

  5. ДББЖ жобалау туралы түсінік беру;

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

КУРС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ТЫҢДАУШЫЛАР БІЛУІ ЖӘНЕ ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС:

  1. ДБ кестелерін құру;

  2. Деректерді ДБ-дан шығарып алу;

  3. Деректер базасында деректерді қосу, өзгерту, жою;

  4. ДББЖ жобалау;

  5. Сұрауларды жеделдету үшін индекстерді қолдана білу;

  6. Транзакцияларды басқара білу.

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8