С# негіздері

C# тілі- бұл үлкен және маңызды кеңсе бағдарламалары мен жүйелерін, бейне ойындарды, мобильді қосымшаларды, сондай-ақ үлкен және күрделі веб-қосымшаларды жазуға мүмкіндік беретін әмбебап бағдарламалау тілі. С# тілін үйрену қиын емес, әсіресе басқа тілдерде бағдарламалау тәжірибесі болса. С#, бүгінгі таңда, ең көп сұранысқа ие  бағдарламалау тілдерінің 10-на кіреді. Біздің бағдарлама негізгі бағдарламалаумен бұрыннан таныс тыңдаушыларға арналған, сондықтан осы курсты аяқтамас бұрын, біз  «С негіздері» курсын сәтті игеру үшін «Бағдарламалау негіздері» курсын оқуды ұсынамыз.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. С# идеологиясы мен синтаксисі ерекшеліктерімен таныстыру;

  2. Microsoft.NET платформасымен өзара әрекеттесуді үйрету;

  3. Объекті-бағытталған бағдарламалауды қолдануға үйрету;

  4. Қолданбалы бағдарламалау мәселелерін шешу үшін С# тілінің механизмдері мен конструкцияларын қолдануға үйрету;

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

КУРС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ТЫҢДАУШЫЛАР БІЛУІ ЖӘНЕ ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС:

  1. Microsoft.NET негізгі идеяларын түсіну;

  2. Microsoft.NET платформасының негізгі түсініктерін білу;

  3. УLINQ, делегаттар, оқиғалар, жинақтарды қолдана білу;

  4. Кодты түзете білу;

  5. Жеке ерекшелік кластарын құру;

  6. Ағындармен және файлдармен жұмыс істей білу.

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8