ASP.NET платформасында веб-әзірлеу 

Web-сайттар мен web-қосымшаларды әзірлеу үшін Microsoft ASP.NET мықты платформасын жасады .  С# ASP.NET-тің негізгі әзірлеу тілі болып табылады, дегенмен платформа көптеген басқа бағдарламалау тілдерін қолдайды. Өз кезегінде, ASP.NET  .NET платформасына негізделген және ASP (Active Server Pages) жалғасы болып табылады. ASP.NET динамикалық HTML беттерін, WEB-қызметтерді жасауға мүмкіндік береді. ASP.NET-ті игеріп, сіз кез-келген күрделі және функционалдылықты веб-сайттары мен веб-қосымшаларын жасай аласыз!

Біздің бағдарлама HTML, CSS, JavaScript, С#, деректер базасы теориясымен таныс тыңдаушыларға арналған. Осы себепті, осы курсты оқымас бұрын, біз «Бағдарламалау негіздері», «Web-парақшаларды беттеу»,  «JavaScript-те сценарийлерді бағдарламалау», «Реляциялық деректер базаларының негіздері», «С#негіздері» курстарын тыңдауды ұсынамыз.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. ASP.NET-тің ішкі механикамен таныстыру;

  2. WEB-нысандары бар қосымшаларды құруды үйрету;

  3. ASP.NET мүмкіндіктерін пайдалана отырып, деректер базаларымен өзара әрекеттесетін WEB-қосымшалары мен WEB-қызметтерін құруды үйрету.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

КУРС АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ТЫҢДАУШЫЛАР:

  1. ASP.NET-тің негізгі идеяларын түсінеді;

  2. Платформаның негізгі ұғымдарын біледі;

  3. Кодты қайта қолдана біледі;

  4. AJAX қолдана біледі;

  5. Web-қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсінікке ие болады;

  6. ASP.NET мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  әр түрлі күрделі және функционалды WEB-қосымшаларды жасай алады;

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8