Laravel фреймворгімен веб-әзірлеу

Laravel – бұл PHP тілінде жазылған тегін фреймворк. Laravel WEB-жобалары үшін ең танымал фреймворктардың бірі болып табылады. Laravel-ді пайдалану веб-сайттың қандай да бір функционалдығын қалай жүзеге асыруға емес, қосымшалардың бизнес-логикасына аса назар аударуға мүмкіндік береді.  Веб-сайтты құру кезінде шешілуі тиіс міндеттердің көпшілігі Laravel-де әлде қашан шешіліп қойған, әзірлеуші тек қажетті компонентті таңдап, әзірленіп жатқан жобаға қосуы керек. Laravel сонымен қатар жобаның қауіпсіздігі мен масштабталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бағдарламашы қажет болған жағдайда кез-келген Laravel компонентін өзінің қажеттіліктері мен көзқарасына сәйкес кеңейте немесе өзгерте алады..


Біздің бағдарлама бағдарламалаумен, HTML белгілеу тілімен, CSS-пен, JavaScript скрипт тілімен, деректер базасының теориясымен, PHP бағдарламалау тілімен таныс тыңдаушыларға арналған. Осы себепті, осы курсты оқымас бұрын біз «Бағдарламалау негіздері», «Web-парақшаларды беттеу», «JavaScript-те сценарийлерді бағдарламалау», «Реляциялық деректер базаларының негіздері»,«PHP негіздері» курстарын тыңдауды ұсынамыз.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. Laravel платформасымен таныстыру;

  2. Laravel-дің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру;

  3. Laravel-де жобаларды құруды үйрету;

  4. Кодты тестілеуді үйрету.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ​:

  1. Ауызша (баяндау, түсініктеме, әңгіме);

  2. Көрнекі (кестелер, схемалар, суреттемелер);

  3. Тәжірибелік (жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау).

Курстарға жазылу

Байланыс деректері

Қарағанды қ., Коммунальная көш., 8